$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент-Стамбул әуе рейсінің жолаушысы алтын құймаларды шет елге заңсыз алып кетпек болған

Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 келі 

Шымкент-Стамбул әуе рейсінің жолаушысы алтын құймаларды шет елге заңсыз алып кетпек болған
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте алтын құймалары контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылғы 4 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 18:10 шамасында «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің мамандары Шымкент-Стамбул халықаралық әуе рейсіне қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде «Шымкент» шекаралық бақылау бөлімшесінің (авиациялық) Шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесе, Шымкент қаласы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің көмегімен Қазақстан Республикасынан заңсыз қымбат металды әкетудің жолы кесілді. Осыған қатысы бар Қазақстан азаматы ұсталды. 

Алтын құймалардың жалпы салмағы 1,434 келі (бір килограмм төрт жүз отыз төрт грамм). ҚР ҰБ ресми бағамы бойынша тауардың алдын ала құны - 41 148 000 теңгені құрайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне сәйкес құрамында бағалы металдар бар бағалы металдар мен шикізат тауарларына қатысты ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелудің және ЕАЭО кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі қолданылады.

Осы құқық бұзушылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігі бойынша (экономикалық контрабанда, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ірі мөлшерде тауарларды немесе өзге де заттарды, оның ішінде кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салынған немесе шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу) АТК (КУИ) тіркелді.

Осы факт бойынша материалдар ҚР ҚМА Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Серіктес жаңалықтары