Пржевальский жылқысын жерсіндіру қалай жүзеге асырылып жатыр
Олардың саны да көбейтіліп жатыр
Пржевальский жылқылары табиғи қорықтарға орналастырылған. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биылғы 24 сәуірде Керқұлан (Пржевальский жылқысын) жерсіндіру бойынша Қащақстан мен Чехия арасында меморандумға қол қойылды. Жылқылар Прага зообағынан ерекше қорғалатын табиғи қорықтарға жеткізілді. Оларды жерсіндіру қалыпты деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Саны көбейтіліп жатыр», - Тұрғамбаев.
Ол атағандай, ұлттық парктердің резерватын кеңейту жүзеге асырылып жатыр.
«Маңғыстаудағы «Үстірт» ұлттық паркін 600 мың гектарға кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Жайық» ұлттық паркін де кеңейту көзделген», - деді ол.