$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады», - делінген хабарламада.

Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайтындықтан, күн райы ашық әрі жауын-шашынсыз болады.

«Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары