Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды
Күдіктіге қатысты «Келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы таңдалды
Жетісу облысында 15 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысы Полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады. Ол 2008 жылдан бері Ресейде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
«Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. Белгіленген ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін «Келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.