04.05.2023, 06:17
Жаңалықтар
Жел күшейіп, үсік жүреді: синоптиктер бүгінгі күннің ауа райы болжамын жариялады
Оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр мен қар түсуі ықтимал
Фото ашық дереккөзден
Қазгидромет мамандары 4 мамыр, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың батысында нөсер жаңбыр, кей уақытта найзағай мен бұршақ жауады.
Оңтүстік-шығыс пен шығыста жаңбыр мен қар түсуі ықтимал.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста - шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі.
Түнде Алматы, Жетісу, Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 1-6 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында, таулы аудандарында жел екпіні - 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с асады.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты