Бұл - Қазақстанның төртінші баяндамасы
Қазақстанның атынан Женевада азаптауларға қарсы баяндама оқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2-3 мамыр күндері ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов бастаған делегация Женевада өтетін БҰҰ азаптауға қарсы комитетінің 76 сессиясына қатысады. Аталған сессия барысында азаптауларға және басқа да қатігез, ар-намысты қорлайтын іс-әркеттер мен жазалау түріне қарсы Конвенцияның орындалуы туралы Қазақстанның төртінші баяндамасы оқылады», - деді Смадияров.
Ол атағандай, баяндама БҰҰ комитетінде қорғалады.
«Аталған конвенция аясындағы міндеттелерге сәйкес, барлық қатысушы ел баяндама оқиды. Содан кейін БҰҰ комитетінде қорғайды»,- деді ол.