$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды

Павлодарда балаға қол көтерген тәрбиеші жұмыстан шығарылды
фото: видеодан скрин

Павлодарда балабақшалардың бірінде баланы шапалақпен ұрған тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео таралды. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.

«Бұл 28 балабақша. Мұндай адамды бүкіл қала білуі тиіс», - деп видеоның астына пікір жазылған.

Ата-аналардың бірі балабақшада көптен бері жөндеу жүргізілмегені туралы жазған.

«Біздің балабақшада ата-аналардың қатысуымен Наурыз мерекесін тойлауға рұқсат берілмеді. Енді міне, балабақшамен қоштасу кеші де болмайтыны  туралы сөз қозғалуда. Топта өте суық, балалар қыстың күні көрпемен ұйықтайды. Екі жылытқыш қосылып тұрады», - дейді  желі қолданушысы.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

«Тергеу қорытындысы бойынша ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады білім беру бөлімінде.

Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.

Серіктес жаңалықтары