Ауа райына байланысты он аймақта ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша үсік жүріп, қатты жел тұрады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
10 сәуір күндіз, 11 сәуірде тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні - 23-28 м/с, 10 сәуір күндіз, 11 сәуір түнде облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта жел қарқыны 30 м/с асады.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.
10 сәуірде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.
10 сәуір таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай ойнап, таулы аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20, күндіз кей уақытта - 23-28 м/с.
Шымкент қаласындатаңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші - 15-20, 10 сәуір күндіз кей уақытта 23 м/с асады.
10 сәуір түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны - 15-20, екпіні - 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы.