Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады
Астанада қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысының 10 ардагері тұрады. Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алады. Бұл туралы Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметіне жүгінсек, елордада тұратын 10 Ұлы Отан соғысының ардагерінің ең үлкені – 103 жаста, ең кішісі – 97 жаста. Биыл Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысына 1,5 миллион теңге (1 537 000 теңге) төлеу туралы шешім қабылданды.
«ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен бөлек, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады. Олардың қатарында ҰОС кезеңінде қызмет еткен 13 әскери қызметші, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан жандар, Ленинградта блокада кезеңінде еңбек еткен азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, мүгедек болған әскери қызметшілер бар.
Өзге мемлекеттердің аумағындағы болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) - тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада 899 адам бар», – делінген әкімдік хабарламасында.
Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға дейін 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады.
Айта кетейік, ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды.
Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай қызметтер тегін көрсетіледі: