27.04.2023, 13:33
Жаңалықтар
Руслан Әлішев «AMANAT» партиясының Хатшысы болып тағайындалды
Ол соңғы рет партияның Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарды
Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың Қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы болып Руслан Әлішев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Руслан Әлішев 1978 жылы 29 шілдеде дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі.
Әр жылдары Петропавл қаласының әкімдігінде жұмыс істеді, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметін басқарды. Сондай-ақ, «NUR MEDIA» ЖШС бас директоры, партия Атқарушы хатшысының кеңесшісі лауазымдарын атқарды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «AMANAT» партиясының Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры болды.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды