Еуропа Әзербайжаннан көбірек газ сатып ала бастады

Azattyq Rýhy

Олар ресейлік газға балама ретінде Бакуге бет бұрды

Еуропа Әзербайжаннан көбірек газ сатып ала бастады

Сейсенбіде Болгария, Румыния, Венгрия және Словакия Әзtрбайжанмен газ нарығындағы ынтымақтастықты дамыту туралы vеморандумға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

София, Бухарест, Афина және Рим қазір Әзербайжан газын сатып алуда, ал Будапешт пен Братиславаға жеткізілім осы жылдың соңына дейін басталуы керек.

«Бүгін біз ХХІ ғасырдың жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Дамып келе жатқан жоба. Әзербайжан энергетика саласындағы сенімді серіктес бола отырып, жолды жалғастыруға және алға қойған барлық мақсаттарға жетуге дайын», - деді Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев.

«Еуропадағы қазіргі энергетикалық дағдарыстың ең жақсы шешімі — Еуропаға бірнеше нүктеден және түрлі бағыттардан көбірек газ жеткізу мүмкіндігі», — деді Венгрия СІМ басшысы Питер Сийярто.

Еуроодақтан еурокомиссиядан Әзербайжан газын Еуропаға жеткізуді ұлғайту үшін қажетті инфрақұрылымға қаржы бөлуді сұрады. 2027 жылға қарай Бакуден газ импорты жылына кемінде 20 миллиард текше метрге дейін артады деп күтілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.