$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жұмыртқаның бағасын негізсіз қымбаттатқан

«Агрофирма Курма» ЖШС шығаратын жұмыртқаға үстемеақы мөлшерінің шектен асқаны анықталды

Жұмыртқаның бағасын негізсіз қымбаттатқан

Қарағанды облысында жұмыртқаның қымбаттауына себепкер болған делдал жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу мониторингі барысында «Агрофирма Курма» ЖШС шығаратын жұмыртқаға үстемеақы мөлшерінің шектен асқаны анықталды. Өнім баға тізбегіне делдалдың қатысуынан қымбаттаған.

Департамент пен облыс әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде баға үстемесін асырғаны үшін делдал – ЖК «Носиков» әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған серіктестен шығатын жұмыртқаның бағасы 470 теңгеден 430 теңгеге дейін немесе 9,5%-ға төмендетілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі өндірушілер мен дистрибьюторларға ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормалары сақталуы қажеттігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары