$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды

Ол ҚР ҚК 99 бабы 2-бөлігінің «Адам өлтіру» фактісі бойынша күдікті деп танылған

Қызылордада халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды

Қызылордада 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

24 сәуір күні Қызылорда облысы Криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел – іздестіру жұмыстары барысында ҚР ҚК 99 бабы 2-бөлігінің «Адам өлтіру» күдікті қатарында танылып, тергеуден  бой тасалап, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласынын тұрғыны құрықталды.

«2022 жылы күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы жалдамалы пәтердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазір ол Қызылорда қалалық ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары