Дональд Трампқа зорлау фактісі бойынша айып тағылды
Азаматтық істің аясында егер сот оны кінәлі деп тапса да, ол қамауға алынбайды
Дональд Трамп тағы да сот шақырылмақ. Нью-Йоркте экс-президенттің үстінен түскен шағымға байланысты сот азаматтық істі қарайтын болады, оның аясында Трамқа зорлау фактісі бойыншы айып тағылуда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Іс журналист Джин Кэрролдың шағымы бойынша қаралмақ. Оның айтуынша, бұрынғы президент оны 1990 жылдары дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде зорлаған.
Оның айтуынша, олар Трамп екеуі Манхэттендегі Bergdorf Goodman дүкенінде кездейсоқ жолығып қалған. Таныстықтан кейін екеуі дүкен аралап, киімдерді киіп көрген. Жәбірленушінің сөзінше, дәл сондай сәттердің бірінде Трамп оны киім ауыстыру бөлмесінде зорлаған.
Кэрролл алғаш рет өзінің айыптары туралы 2019 жылы жариялады. Трамп зорлау фактісін жоққа шығарып және ол ұзақ уақыт бойы Elle журналының шолушысы болған Кэрролды танымайтынын айтты.
Дональд Трамптың пайымынша, Кэррол өзінің кітабының сатылымын арттыру үшін зорлау туралы мәлімдеме жасап отыр.
Бұрынғы президент Кэрроллды «психикалық ауруы бар» деп айыптады және өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Азаматтық істің аясында, егер сот оны кінәлі деп тапса да, ол түрмеге қамалмайды. Алайда мұның бәрі оған саяси зиян келтіруі мүмкін.