$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кенияда ашығып көз жұмған 50-ге жуық діни табынушының қаңқасы табылды

Олар «Иса пайғамбармен кездесу» үшін ерікті түрде тамақтан бас тартқан

Кенияда ашығып көз жұмған 50-ге жуық діни табынушының қаңқасы табылды
Фото ашық дереккөзден

Кенияның оңтүстік-шығысында, Шакахола орманында «Иса пайғамбармен кездесу» үшін ашығып көз жұмған 50-ге жуық діни табынушының сүйек қалдығы табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

The Guardian.хабарлауынша, тергеуді Малинди қаласы полициясының қылмыстық іздестіру бөлімі жүргізіп жатыр.

Қазіргі кезде секта құрбандарының саны нақтылану үстінде.

Жергілікті БАҚ жазуынша, аштықтан көз жұмған адамдарды пастор Маккензи Нтенге басқарып отырған. Ол өзінің ізбасарларына аштан өлуді бұйырған. Нтенгенің өзі бұл айыпты жоққа шығарып, паствасын 2019 жылы таратып жібергенін айтқан. Секта басшысы полицияға өз еркімен берілген.

«Бүгін біз тағы 26 мәйітті эксгумацияладық. Осылайша, бұл жерден табылған мәйіттердің жалпы саны 47-ге жетті», - деді Малинди қаласының қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы Чарльз Камау.

Құқық қорғау органдары қаза тапқандарды ғана емес, сектаның тірі қалған мүшелерін де іздеуді жалғастыруда. Жұртшылықтың хабарлауынша, полиция Малиндидегі пастордың меншігіне рейд жүргізіп, онда тамақтан бас тартқан 15 адамды тапты, олардың төртеуі кейінірек қайтыс болды.

БАҚ хабарлауынша, полиция Нтенгенің тағы алты ізбасарын тұтқындаған. Шіркеу ізбасарларының бірі қатты әлсірегеніне қарамастан тамақтанудан бас тартты, деп хабарлады кениялық құқық қорғаушы Хусейн Халид.

«Оны осында әкелген кезде, шіркеу ізбасарларының бірі алғашқы көмектен үзілді-кесілді бас тартты және аузын жауып алды, сөйтіп қайтыс болғанша ораза ұстай беруді жөн көрген», - деді Хусейн Халид.

Құқық қорғаушы кейбір шіркеу мүшелері әлі де жақын маңдағы орманда биліктен жасырынып жүр деп санайды.

Серіктес жаңалықтары