Алматыда заңсыз салынған бірқатар тұрғын үй кешені анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың атауы жария етілді

Фото ашық дереккөзден

Алматыда пәтер сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үй кешендерінің саны көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, үш бірдей тұрғын үй кешендерінің құрылысқа қажетті толық құжаттар пакеті жоқ. Олар:

ORDA CITY ТҮК

Теректі ықшамауданында орналасқан бұл тұрғын үй кешенінің тапсырыс берушісі: «Investment Stroy» ЖШС. ТҮК-те құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ, учаскені пайдалану мақсаты – ЖТҮҚ.

«Басқарма құрылыс салушыға ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шаралар қабылдап, құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарды, сонымен қатар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қазаншұңқырды бұзу және қайта толтыру туралы талап арыз жолдады», - делінген хабарламада.

Dostar Deluxe ТҮК

Мәдениет шағынауданында орналасқан тұрғын-үй кешенінің тапсырыс берушісі: ИП «Ашинов».

Кешщеннің эскиздік жобасы келісілмеген, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама жоқ.

«ҚР ӘҚБтК-нің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап бойынша шара қабылданды», - делінген хабарламада.

Verona ТҮК

Ремизовка шағынауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің тапсырыс берушісі: 5 жеке тұлға.

Кешеннің құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама және жоба алдындағы құжаттамасы жоқ.

Айта кету керек, бүгінгі таңда азаматтардың заңсыз тұрғын үй кешендерінен пәтер алу фактілері тұрақты түрде анықталып жатыр.

«3 қабатқа дейінгі тұрғын үйлер үшін үлескерлерден қаражат тартуға рұқсат талап етілмейтін қолданыстағы заңнаманы пайдаланып, жосықсыз құрылыс салушылар жылжымайтын мүлік сатып алушыла адамдарды жаңылыстыруда. Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 сенім телефонына хабарласып, салынып жатқан тұрғын үй кешендеріндегі құжаттардың толық пакетін тексеруді ұсынамыз», - делінген хабарламада.