$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады

Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді

Астанада аутизммен ауыратын балаларды қолдауға арналған жарыс ұйымдастырылады

Астаналықтар аутизмі бар балаларды қолдау мақсатында Run for autism қайырымдылық жарысына қатысуға шақырылады. Спорттық іс-шара 29 сәуір күні елордада өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Run for autism қайырымдылық жарысы Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған.

«Іс-шара аутизм туралы халықтың хабардарлығын арттыру, осы диагнозы бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамнан өз орнын табуы мақсатында өткізіледі. Жарыс 29 сәуір күні таңғы сағат 8-де Триатлон саябағында өтеді. Жиналған қаражат аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды қолдау мақсатында «Болашақ» корпоративтік қорының «Әрбір бала мектепке лайық» бағдарламасына бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

Жарыс төрт қашықтыққа өтеді:

  • 1 км – 4 990 теңге.
  • 2,5 км – 5 990 теңге.
  • 5 км – 6 990 теңге.
  • 10 км – 7 990 теңге.

Жарысқа мына сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://sxodim.com/astana/event/blagotvoritelnyy-zabeg-run-for-autism

Жарысқа қатысушылар арасында бағалы сыйлықтары бар ұтыс ойыны өтеді. Онда смартфондар, фитнес-клубқа жылдық абонемент, велосипедтер, шлемдер, сондай-ақ клиникада толық тексерілуге болатын жолдамалар бар.

Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін «Көңілді старттар» тегін ойын-сауық спорттық бағдарламасы ұйымдастырылады. «Көңілді старттарға» қатысу үшін @bolashakcharity сілтемесі арқылы тіркелу қажет.

Серіктес жаңалықтары