Мариупольде түсірілген сурет жылдың ең үздік фотосы атанды
Алайда фотодағы бас кейіпкер босанғаннан кейін жарты сағаттан соң көз жұмды
World Press Photo нұсқасы бойынша жылдың фотосуреті Associated Press ақпарат агенттігінің фотографы Евгений Малолеткидің Мариупольде түсірген суреті болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Eoronews-ке сілтеме жасап.
Бұл ресейлік әуе шабуылынан қираған перзентхананың аумағында құтқарушылар мен жүкті әйелдің суреті. 32 жастағы Ирина Калина босанғаннан кейін жарты сағаттан соң алған жарақаттарынан қайтыс болды, оның ұлы Мирон өлі туылды.
«Шабуылдың нысанасына айналған перзентханадан құтқарушылардың көмегімен шығарылған әйел және оның әлі туылмаған баласы туралы ойлау — бұл эмоционалды сезімді оятады, өзгелердің қандай қияндықтан өтіп жатқанын көруге мәжбүр етеді», - дейді қазылар алқасының төрағасы Брент Льюис.