Уханьда уақытша салынған ауруханалардың бәрі жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

14 уақытша аурухана демалыс режиміне көшті

Фото: TPG/Keystone Press Agency/Global Look Press

Қытайда коронавирус тарай бастаған кезде Ухань қаласында салынған уақытша ауруханалардың бәрінен емделушілер үйіне шығып кеткен. Осыған байланысты барлық 14 аурухана жабылды, деп хабарлайды CCTV агенттігі Твиттер әлеуметтік парақшасында.  

Стадиондар мен көрме орталықтарына орналасқан медициналық мекемелер демалыс режиміне көшті. 

10 наурыз күні Уханға ҚХР басшысы Си Цзиньпин арнайы келген. Ол COVID-19 вирусымен күрес бойынша жергілікті билік қабылдаған шаралармен танысып, дәрігерлермен, әлеуметтік жұмыскерлермен және әскери қызметкерлермен кездескен еді.