Мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда
Петропавл қаласында 700 саяжай су астында қалды. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Құзырлы мекеменің мәліметіне қарағанда Есіл өзені тасып, Заречный кенті маңындағы екі жолды бойлай ағып жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Мамандардың айтуынша, жағдай бақылауда. Дегенмен, көктемгі тасқынның шарықтау шегі сәуірдің 19 мен 20-ында.
Қазір Есіл, Қызылжар және Шал ақын аудандары тұсында су деңгейі көтерілген.