18.04.2023, 23:21
Жаңалықтар
Астанада ұрлап әкеткен көлікпен жол апатына түскен жүргізуші қайтыс болды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Фото ашық дереккөзден
Астанада Subaru автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға 18 сәуір Тілендиев даңғылында болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті