Қауіпсіздік белбеуінсіз өнер көрсеткен қытайлық акробат биіктіктен құлап қаза тапты

Azattyq Rýhy

Оның сахнадағы серіктесі өзінің күйеуі болған

Қауіпсіздік белбеуінсіз өнер көрсеткен қытайлық акробат биіктіктен құлап қаза тапты

Қытайлық акробат Сучжоу қаласында қойылым кезінде құлап, ауруханада қайтыс болды. Ол қауіпсіздік белбеуінсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC Russian-ге сілтеме жасап.

Сун Моумоу трюкті орындау барысында сахнадағы серігі, әрі күйеуіне арқа сүйеген, алайда ол оны дер кезінде ұстай алмаған. Белгілі болғандай акробат 10 метр биіктіктен құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ол құлағаннан кейін әлі де тыныс алуын жалғастырған, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады.

Билік қазір тергеу жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, трапецияның астында қауіпсіздік торының болмай шыққанын айтты.

Ерлі-зайыптылар импровизацияланған сахнада өнер көрсеткен. Куәгерлер жедел жәрдем көлігінің апат болған жерге жетуі қиын болғанын атап өтті, өйткені ауыл арасындағы жолдар өте тар.

Сун Моумоудың өлімі әлеуметтік желілерде біраз резонанс тудырды. Олардың басым бөлігі акробаттардың көбірек ақша табу үшін сақтандыру құралдарынсыз өнер көрсеткені туралы. Шараны ұйымдастырған компания қауіпсіздік шараларын елемегені үшін қатты сынға ұшырады.

Жергілікті мәдениет және туризм департаменті труппа өнер көрсетуге рұқсат алмағанын және оларға сәйкесінше шара қолданылатынын хабарлады. Бұған дейін де өнерлі жұп қауіпсіздік белбеуінсіз биіктікте трюктерді жиі орындайтын, өйткені қауіпті қойылымдарға жақсы ақша төленеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.