$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Талдықорғанда бюджет қаржысын жымқырған Білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды

Аталған іске қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Талдықорғанда бюджет қаржысын жымқырған Білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлері қалалық білім бөлімінің бас есепшісін ұстады. 48 жастағы әйел адам ел аумағынан қашып кетпек болғанда қолға түскен. Күдіктінің үйін тінту барысында 942 млн 902 мың теңгеден аса қаражат тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар 21 үйдің, 14 пәтердің, 7 коммерциялық нысанның құжаты және Лэнд Крузер 200 көлігі, зергерлік бұйымдарының бар екені анықталды. Құны 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке прокуратура уақытша шектеу қойды.

 Бас бухгалтермен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Оларға бірнеше жылдан бері бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Яғни күдіктілер өткен жылдың өзінде мектептер арқылы 750 млн теңгені меншіктеген.

Аталған іске қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары