Бұған дейін Астанадан қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылған болатын
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті күн райына байланысты елордадан шығатын тасжолдардың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қарлы боран) көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды: «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы (Астанадан – Анар стансасына дейін), «Астана-Қорғалжың» автожолының 19-124 шақырымы (Астана-Қорғалжың), «Астана-Қабанбай Батыра-Киевка-Нұра-Теміртау» автожолы 16-51 шақырымы (Қосшы-Қарағанды облысы)», - делінген ТЖД хабарламасында.
Бұған дейін Астанадан қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтаған болатын.