Маңғыстау облысында айкезбеге шалдыққан қыз 2 әпкесін пышақтап тастады
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді
Маңғыстау облысында айкезбеге шалдыққан қыз 2 әпкесін пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
14 сәуір күні таңғы сағат 04.30 шамасында Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде екі қыздың пышақталғаны туралы полицияға хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы айкезбеге шалдыққан 11 жасар қыз 19 және 12 жастағы әпкелеріне пышақ жарақатын салғанын анықтаған.
Апалы-сіңілілер ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.Қазір біреуі үйінде, екіншісі ауруханада жатыр.
"Бұл факт ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп көрсетті Маңғыстау облысында полиция департаментінің баспасөз қызметі.