Терроризмге қарсы қызметтің және Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастықтары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.