Екібастұздағы ЖЭО мемлекетке қарызымен қайтарылған

Автор: Аягөз Құрмаш

Заңнамада көрсетілгендей, мемлекет нысанды қарызымен бірге қабылдайды

Фото: kazpravda.kz

Екібастұздағы ЖЭО мемлекетке қарызымен қайтарылған. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысының кулуарында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол көмір үшін қарыз болған. Ол үшін қызмет алынды. Яғни, ақша қолданысқа енгізіліп қойды. Қазіргі заңнамаға сәйкес мемлекет нысанды қабылдағанда оны қарызымен бірге қабылдайды. Қарыздың көлемі 1 млрд теңгеден артық. Қазір оның иелерімен келіссөздер жүріп жатыр. ЖЭО басшысы Клебанов кәсіпорыннан дивиденттер алмады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.