Ресей өзін бұрынғыдан бетер оқшаулап жатыр – Зеленский

Автор: Аягөз Құрмаш

Өткен тәулікте 50-ден астам шабуыл тойтарылған

Фото: president.gov.ua

Ресей армиясы Украина қалаларына 30-ға жуық зымыран мен әуе шабуылын жасады, негізгі күш  Лиман, Бахмут, Авдеев және Марьинск бағыттарына шабуыл жасауға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өткен тәулікте 50-ден астам шабуыл тойтарылды.

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі бейнехабарламасында Запорожьеде С-300 зымыраны тұрғын үйге түскенін айтты. Соның салдарынан 10 жасар қыз қаза болды, ал қыздың анасы ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

«Ресей мұндай әрекеттерімен өзін әлемнен, адамзаттан одан да бетер оқшаулап жатыр», - деді Украина көшбасшысы.

Ресей Қорғаныс министрлігінің қорытындысында «Запорожье қаласының маңында жоғары дәлдіктегі зымыран соққысы Донбастағы Украина қарулы күштерінің әрекетін қамтамасыз ету үшін жинақталған 70 мың тонна отыны бар қойманы жойды» делінген.

Украина әскери-әуе күштері демалыс күндері алғаш рет NASAMS Әуе қорғанысы жүйелерінің кадрларын жариялады. Бейнежазбада «бес айдың ішінде бұл жүйелер жаудың 100-ден астам зымыраны мен дронын жойды» делінген.

© Reuters / Scanpix