$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде аяз болып, қар жаууы мүмкін

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Алдағы күндері еліміздің кей өңірінде аяз болып, қар жаууы мүмкін

«Қазгидромет» РМК 11-13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болады. 11-12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - дейді синоптиктер.

Скандинавия аймақтарынан келетін солтүстік-батыс антициклонының әсерінен, еліміздің солтүстік жартысында ауаның температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді.

«Әйтсе де көктемнің әсерінен күндізгі уақытта ауаның температурасы біртіндеп жоғарылайды, 13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометрлердің бағандары 10-18, ал оңтүстігінде 17-30 жылыға дейн көтеріледі», - дейді мамандар.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік жартысында көктайғақ болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ауа райы #болжам