Көлік заңдастыру: Қазақстанда тіркеу алымының қандай мөлшерлемесі қолданылады
Мемлекеттік кірістер комитеті бастапқы алымды қалай төлеу керек екенін түсіндірді
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде көлік құралдарын заңдастыру кезінде 200 000 теңге мөлшеріндегі бастапқы тіркеу алымын қандай көлік иелері төлей алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысы (Қаулы) М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оң жақтағы рөлмен басқарылатын көлік құралдарына қатысты қолданылады», - деп атап өтті ведомство өкілдері.
Аталған санатқа жеңіл автокөліктер мен техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары жатады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын көлік құралдарды тіркеген кезде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым алынады.
«Қаулыда көрсетілмеген санаттарға жататын көлік құралдарын (оның ішінде толық салмағы 5 тоннадан асатын ауыр салмақты автомобильдер де кіреді) алғашқы тіркеуден өту барысында, Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағында бекітілген көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ставкалары бойынша алым төленеді», - делінген хабарламада.
Осыған дейін комитет өкілдері «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу қажет пе?» деген сұраққа жауап берген болатын.
«Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындауы тиіс шарттардың бірі – осындай автокөліктердің кеден тазартудан өтуі», - дейді мамандар.