Әсет Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Ол бұл қызметті 2019 жылдың сәуірінен бастап атқарып келді
Әсет Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.
Ә. Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.
И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық Валюта Қорында және Азия Даму Банкінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыс істеген.
2008–2010 жылдары — ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2010–2011 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.
2019 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарып келді.