Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-ге шалдыққандар арасында 4 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1801 адам коронавирус инфекциясынан (–1 627+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 174 пациент стационарда, 1 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандар арасында 4 адамның жағдайы ауыр.