05.04.2023, 22:10
Жаңалықтар
Көкшетауда кәмелетке толмаған бала тоғыз қабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болды
Осы дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады
Фото ашық дереккөзден
Көкшетау полициясы кәмелетке толмаған баланың көпқабатты үйдің шатырынан құлап, қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайғылы оқиға бүгін 5 сәуірде Көкшетау қаласында болды. Белгілі болғандай, 2005 жылы туған кәмелет жасқа толмаған бозбала тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен. Ол алған жарақаттардан көз жұмды. Осы дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі «суицидке дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Өзге ақпарат жария етілмейді», - деп түсіндірді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық