$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттік полицейлер жол бойында жарапазан айтқан балаларды ата-аналарына қайтарып жатыр

Өткен екі тәуліктің ішінде көшеден 140 жасөспірім табылды

Шымкенттік полицейлер жол бойында жарапазан айтқан балаларды ата-аналарына қайтарып жатыр

Рамазан айының басталуымен түнгі уақытта Оңтүстік мегаполис жолдарында балалар мен жасөспірімдер жарапазан айтуду әдетке айналдырды. Алайда полицейлер үлкендердің қарауынсыз жүрген балаларды ата-аналарына қайтаруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Otyrar.kz-тің жазуынша, балалар қаладағы көлік ағынынан қорқатын емес.  Жандарында бірде бір ересек адам да жоқ. Дәстүр бойынша, жыл сайын қасиетті Рамазан айында мұсылмандар ауыз ашқаннан кейін кешкі уақытта балалар көшеге шығып, жарапазан айтады. Олар әдетте көпқабатты үйлердегі пәтерлерді аралап, есіктерін қағып шығады, кейде тіпті көліктерді тікелей жолдан тоқтатады. Жарапазан айтқан балаларға үлкендер ақша немесе тәттілер береді.

Дегенмен, қалыптасқан дәстүрлерге қарамастан, мұндай түнгі «қыдырыстар» заңсыз, дейді полиция қызметкерлері. Сол үшінде шаһарда бұл айда түнгі рейдтер жиі өткізіледі. Өткен екі тәуліктің ішінде көшеден 140 жасөспірім табылды, олардың 9-ы бейімдеу орталығына жіберілді. Қалғандарының ата - аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, біреуге әкімшілік хаттама жасалды, ал заңды екі рет бұзғандарға айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары