Төтенше жағдайлар және Ауыл шаруашылығы министрлері бекітілді

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды», - делінген жарлықта.

Айта кетсек, Ербол Қарашөкеев 2021 жылғы 1 қыркүйектен бері ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып қайта бекітілді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Юрий Ильин 2020 жылдың қыркүйек айынан бері ҚР Төтенше жағдайлар министрі лауазымын атқарып келеді.