Оқу-ағарту министрі мен Ғылым және жоғары білім министрі қайта тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлықта.
Айта кетсек, еліміздің білім және ғылым саласында бірқатар басшылық қызмет атқарған Ғани Бектайұлы 2023 жылғы 4 қаңтарда ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі қызметін сақтап қалды.
«Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген Жарлықта.
Айта кетсек, еліміздің білім саласында, басқа да мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқарған, Мәжіліс депутаты болған Саясат Нұрбек 2022 жылғы 11 маусымда Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған еді.