Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Екібастұзда өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен қала тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«2 сәуір сағат 17.20 шамасында Екібастұз қаласындағы «Союз» саяжай қоғамының жанындағы теміржол көпірінің астындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдың су каналында 2022 жылы 13 қазанда жоғалып кеткен 1988 жылы туған қала тұрғынының зорлықсыз, өлімнің сыртқы белгілерінсіз мәйіті табылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнынан жоғалған адамның атына смарт-сағат пен Kaspi Gold магниттік карточкасы тәркіленді.
Мәйітті әкесі таныды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процесстік шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.