Түркістан облысында ауыл тұрғындары қызметтік формадағы мас полицейлерді ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

3 сәуірде істі тәртіптік комиссия қарайды

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары қызметтік формадағы мас полицейлерді ұстады. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, полицей көлікті мас күйінде айдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Автордың айтуынша, видео 30 наурыз күні сағат 23:22 шамасында түсірілген.

Оның сөзінше, көлікте болған үш полиция қызметкері де мас. Кадрлардан полицияға жергілікті тұрғындардың қысым жасағаны байқалады. Видеода олардың қашып кетпек болғаны айтылған.

Zakon.kz сайтының жазуынша, Түркістан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша департамент басшысының тапсырмасы бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

3 сәуірде істі тәртіптік комиссия қарайды.