29.03.2023, 22:12
Жаңалықтар
13 жерден пышақталған мешіт қызметкері ауруханадан шықты
Жұмыс орнында пышақталған ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген болатын
Фото: Астана қ. ДСБ
Әйелін қызғанған ер адам жарақаттаған елордалық мешіт қызметкері ауруханадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Екі апта бұрын жұмыс орнында бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері Надыров Муслухаддин бүгін ауруханадан емделіп шықты.
«Науқас үйіне шығарылды. Өзін жақсы сезінеді. Оның толық сауығып кетуіне уақыт керек», - дейді N3 көпсалалы қалалық аурухананың емдеуші дәрігері, хирург-дәрігер Арман Сарқытбай.
Естеріңізге саламыз, Жібек жолы ауылының тұрғыны әйелімен жанжалдасып, некесін қиған имамды пышақтаған болатын.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды