Бүгін Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның бүкіл аумағында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, күндіз Қазақстанның шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, күндіз 9-11, түнде минус 2°С дейін салқын болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, күндіз 17-19, түнде 5-7°С жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, күндіз 22-24, түнде плюс белгісімен 6-8°С жылы жылы болады.