24.03.2023, 08:36
Жаңалықтар
Валюта бағамы: 24 наурызда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк жұмаға арналған доллар бағамын жариялады
Фото: m24.ru
Қазақстанның Ұлттық банкі 24 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Доллар бағамында әлі де 462,36 теңге болып сақталып тұр.
Айта кетсек, дүйсенбіде америкалық валюта бағамы 460,79 теңгеден бірден 2,15 теңгеге көтерілген болатын.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,99 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458,5 теңгеден сатып алынып, 463 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 459 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 462,36 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 493,48 (еуро)
- RUB / KZT – 5,99 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 24,53 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 67,14 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,29 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 4,07 (өзбек сомы).
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)