Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын су басу қаупі бар

Автор: Azattyq Rýhy

Қауіп қар суынан төніп тұр

Фото: ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын су басып қалуы мүмкін. Қауіп Майбалық көліне жиналатын қар суынан төніп тұр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Астана су қоймасы 1973 жылы салынған. Ол 410 млн текше метр су сақтай алады. Бүгіннің өзінде қоймада 235 млн текше метр су жиналып тұр. Көктем уақытында ол 3-4 есеге көбеюуі мүмкін.

«Әуежайды жиі су алып қалатынын білесіздер. Әкімдікке алдын-ала ескертілді. Су басуды болдырмаймыз», - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Сергей Громов.

Оның айтуынша, әуежайға қауіп «Майбалық» көлінен төніп тұр. Бұл туралы жергілікті атқарушы органдарға алдын ала ескертілді.