$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2020, 00:56
Жаңалықтар

Павлодарда Дубайдан келген 5 адам коронавирусқа байланысты бақылауға алынды

Олар бортта Қытай азаматымен келген

Павлодарда Дубайдан келген 5 адам коронавирусқа байланысты бақылауға алынды
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда Дубайдан келген 5 адам коронавирусқа байланысты облыс орталығында арнайы дайындалған обсервациялық бөлімге 14 күнге жатқызылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«4 наурыз күні Дубайдан Нұр-Сұлтан қаласына қонған ұшақ бортында Павлодар облысының 5 тұрғыны түсті. Ол бортта Қытай елінің азаматы болғандықтан, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешімімен олар бақылауға алынатын болды. Қазіргі кезде медициналық қызметтердің көмегімен 5 адамды изоляциялау жұмыстары жүріп жатыр», - деді ол.

Спикердің айтуынша, олар арнайы дайындалған 150 төсектен тұратын обсервациялық бөлімге жатқызылады. Сонымен қатар сол 5 тұрғынмен байланыста болған тағы 5 адам үйлерінде бақылауға алынды. Оның ішінде 2 бала бар.

«Бұл адамдар аталған инфекцияға қатысты жағдай тұрақты емес елден келгеннен кейін бақылауға алынуда. Оларда дене температурасының көтерілгені немесе жөтелу бойынша еш белгі жоқ. Егер ауру жұққаны туралы күдік туса, онда ол адам облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарындағы арнайы боксқа жатқызылады. Өңірімізде инфекцияны анықтауға керекті құрал-жабдықтар, зертханалар, арнайы тесттер барлығы жеткілікті», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары