$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Абай облысында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды.

«Тінту кезінде ер адамның оң аяғындағы шұлығынан ұнтаққа ұқсас ақ түсті зат салынған зип-пакет табылды. Сондай-ақ көлікті тексеру кезінде артқы орындықта жатқан жол сөмкесінен дәл осындай зат салынған 2 орама тәркіленді», - делінген хабарламада.

Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы шамамен 400 грамм болатын «A-PVP» психотроптық затының аналогы болып шықты.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясында 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары