20.03.2023, 15:19
Жаңалықтар
Наурыз мейрамы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Алдағы үш күнде қазақстандықтарды ашық және жылы ауа райы күтіп тұр
Фото ашық дереккөзден
Синоптиктер Қазақстанда Наурыз мейрамы күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміз аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болатындықтан, алдағы үш күнде қазақстандықтарды ашық және жылы ауа райы күтіп тұр.
«Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында төменгі атмосфералық қысым аймағымен бұлтты ауа райы басым болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел соғады», - дейді мамандар.
Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы уақытына сәйкес болады.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)
17.09.2026, 11:11
«Анасы қайтыс болған күні өмірден өтті»: БҚО-да өрт сөндіріп жүрген қызметкер қаза тапты
17.09.2026, 14:47
«Бұл да өткінші»: сотта экс-әйелінен жеңілген актер түрмеге кетіп бара жатып, соңғы сөзін айтып үлгерді
17.09.2026, 13:39
Маңғыстау облысында түйе төрт адамның қазасына себеп болды (ВИДЕО)