Ақмола облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді

ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қару тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz мәліметіне жүгінсек, 40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.

Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі.

ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.