Елена Рыбакина әлемдік рейтингте өз рекордын жаңартты
Осы турнирге дейін Рыбакина 10-шы орынды иеленді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан Уэллсте (АҚШ) өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы турнирге дейін Рыбакина 10-орынды иеленді, бірақ жеңістің арқасында ол өз орнын үш позицияға жақсартты. Айта кетейік, 7-орын - 23 жастағы қазақстандық теннисшінің карьерасындағы ең жоғары позиция. Қазір Елена Рыбакинаның 3720 ұпайы бар. WTA рейтингінің көшбасшысы - поляк теннисшісі Ига Швентек (9975 ұпай); одан кейін Арина Соболенко (6740 ұпай), Джессика Пегула (5605 ұпай), Каролин Гарсия (4990 ұпай), Онс Габер (4976 ұпай) және Кори Гауф (4401 ұпай).
Айта кетейік, бұл атақ Елена Рыбакина үшін 2023 жылғы бірінші жеңіс болды.