20.03.2023, 03:19
Жаңалықтар
Ирак болашақта Еуропаға газ жеткізуге ниетті
Бұл туралы Ирак СІМ басшысы Фуад Хусейн мәлім етті
Фото ашық дереккөзден
Ирак газ кен орындарын игеруге инвестиция салуға ниетті және болашақта «көгілдір отынды» Еуроодақ елдеріне экспорттауды жолға қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ирак СІМ басшысы Фуад Хусейн Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Ол Бельгия астанасына Ирак-Еуроодақ ынтымақтастық кеңесінің отырыстарына қатысу үшін келді.
«Біз ынтымақтастықтың әртүрлі тақырыптарын, соның ішінде газ және мұнай салаларын талқылаймыз. Қазірдің өзінде мұнай өндіретін ел болып табылатын Ирак газ да өндіретін болады. Біз газды ішкі нарықта пайдалану үшін газ кен орындарына инвестиция саламыз және болашақта газды басқа елдерге, соның ішінде Еуропаға экспорттаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Ирак СІМ басшысы.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)