Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі Сан-Францискода ашылды
Алыс-жақын шетелдерде барлығы 66 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр

Сан-Францискода сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі Сан-Францискода ашылды». – делінген СІМ хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта алыс-жақын шетелдерде барлығы 66 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.
Ал Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Лан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой қалаларындағы 11 сайлау комиссиясы сағат 19:00-де жұмысын аяқтады.
Тақырыпқа орай: Солтүстік Американың бірнеше аймағында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады
«Барлығы 5 071 қазақстандық азамат дауыс берді. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Шетелде дауыс беру Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде 20 наурызда сағат 09:00-де аяқталады», - деп атап өтті Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.