Қазақстанда 20 өңірдің 15-інде дауыс беру аяқталды
Бұл өңірлерде ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы ресми түрде аяқталды
Қазастандағы 20 өңірдің 15-інде ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру процесі әлі бір сағатқа, яғни Астана уақытымен сағат 21.00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, бүгін, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізіміне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы тиіс.